Қостанай-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызынан өрт шықты

© "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясыҚостанай-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызынан өрт шықты
Қостанай-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызынан өрт шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2025
Қостанай-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызынан өрт шықты
Жазылу
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Астана-Қарағанды ​​учаскесінде жеке жолаушылар пойызынан өрт шықты, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы.
22 наурыз күні сағат 11:13-те Астана – Қарағанды-Сортировочная учаскесінде Түрксіб Астана" жеке тасымалдаушысының Қостанай – Алматы бағытындағы №44 жолаушылар пойызынан өрт шықты.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Вагон өзге құрамдардан ажыратылды.
Оқиға орнына Астана станциясынан өрт сөндіру пойызы жөнелтілді. Өртті теміржолшылар мен ТЖД қызметкерлері сөндірді.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Қазақстандағы пойыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Петропавлда ер адамды пойыз қағып кетті
Жаңалықтар
0