Петропавлда ер адамды пойыз қағып кетті

Қазақстандағы пойыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Жазылу
Төтенше оқиға Петропавл вокзалында болған
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Петропавлда ер адам пойыз дөңгелегі астында қаза тапты. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Petropavlovsk.news.
Петропавл вокзалында болған оқиғадан егде жастағы ер адам зардап шеккен. Ол жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.
"Жоғарыда аталған фактіге байланысты Петропавл станциясының желілік полиция бөлімшесінде "абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Петропавл станциясы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Серікбай Омаров.
Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.
Семейде астық қоймасы отқа оранды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2025
Семейде астық қоймасы отқа оранды: өртті сөндіруге пойыз пайдаланылды
Жаңалықтар
0