АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Көкшетау қаласының білім беру мекемесі 78 млн теңге бюджет қаражаты есебінен шатырды жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған.
"Алайда қала прокуратурасы мектеп ғимаратының бір жарым жыл бұрын ғана пайдалануға берілгенін және кепілдік қызметінде тұрғанын анықтады", - деп хабарлады Ақмола облысының прокуратурасы.
Сәйкесінше, барлық жөндеу жұмысы мердігер есебінен жүргізілуге тиіс.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша мемлекеттік сатып алудың күші жойылды, кінәлі адамдар жауапқа тартылды, ал тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталды.