https://sputnik.kz/20250311/turkistan-oblysynda-byudzhet-qarazhatyn-zhymqyrgan-ekologtar-sottaldy-51381664.html
Түркістан облысында бюджет қаражатын жымқырған экологтар сотталды
Түркістан облысында бюджет қаражатын жымқырған экологтар сотталды
Sputnik Қазақстан
Мекеме басшысы 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды 11.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-11T11:31+0500
2025-03-11T11:31+0500
2025-03-11T11:31+0500
бюджет қаражаты
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_79fb8b545a5fe220784e08801db809bb.jpg.webp
АЛМАТЫ, 11 наурыз – Sputnik. Түркістан облысының Табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасына қарасты "Жасыл аймақ" мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі."Жасыл аймақ" мекемесінің бұрынғы басшысы, оның орынбасары, мекеме заңгері және кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі қалалық сот қарады.Мекеме басшысы 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ал орынбасар мен заңгер және кәсіпкер 2 жылға бас бостандығынан шектелді.Сондай-ақ олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20250306/zhetisu-futbol-klubynyn-eks-direktory-sottaldy-51389472.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_4a0acbb74fb35350d9244d443be3acc0.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бюджет қаражаты, түркістан облысы
бюджет қаражаты, түркістан облысы
Түркістан облысында бюджет қаражатын жымқырған экологтар сотталды
Мекеме басшысы 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
АЛМАТЫ, 11 наурыз – Sputnik. Түркістан облысының Табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасына қарасты "Жасыл аймақ" мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
"Жасыл аймақ" мекемесінің бұрынғы басшысы, оның орынбасары, мекеме заңгері және кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі қалалық сот қарады.
"Олар техникалық ерекшелікке және қойылатын сапа талаптарына сәйкес келмейтін арзан пестицидтер мен гербицидтерді сатып алу арқылы 14,9 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған", - дейді ведомство.
Мекеме басшысы 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ал орынбасар мен заңгер және кәсіпкер 2 жылға бас бостандығынан шектелді.
Сондай-ақ олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.