Көкшетауда білім мекемесі 78 млн теңге қаражатты заңсыз жұмсамақ болған

© Sputnik / Максим МасловПрокуратура города Астана
Прокуратура города Астана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2025
Жазылу
Тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты басқа әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталды
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Көкшетау қаласының білім беру мекемесі 78 млн теңге бюджет қаражаты есебінен шатырды жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған.
"Алайда қала прокуратурасы мектеп ғимаратының бір жарым жыл бұрын ғана пайдалануға берілгенін және кепілдік қызметінде тұрғанын анықтады", - деп хабарлады Ақмола облысының прокуратурасы.
Сәйкесінше, барлық жөндеу жұмысы мердігер есебінен жүргізілуге тиіс.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша мемлекеттік сатып алудың күші жойылды, кінәлі адамдар жауапқа тартылды, ал тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталды.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
Түркістан облысында бюджет қаражатын жымқырған экологтар сотталды
Жаңалықтар
0