АСТАНА, 20 наурыз - Sputnik. Алматы облысындағы өндірістік аймақта өрт шықты, деп хабарлады аймақтың төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт Боралдай ауылындағы қоймадан шыққан. Бөлмеде азық-түлік өнімдері мен автомобиль майлары болған.
Өртті сөндіруге облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 34 қызметкер мен 13 техника және Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен тағы 6 адам мен 1 техника жұмылдырылды.
"Өрт аумағы шамамен 600 шаршы метрді құрады. Өрт қойманың және оған жақын орналасқан үш қабатты әкімшілік ғимараттың бүкіл аумағына таралуына жол берілмеді. Өрт оқшауланды, зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ТЖД-дағылар.
Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу және сынақ өрт зертханасы мен тергеу бөлімі жіберілді.