FlyArystan ұшағынан өрт шығып, шұғыл қонуға мәжбүр болды

© Sputnik / Andranik GhazaryanЦеремония встречи первого рейса авиакомпании FlyArystan в международном аэропорту Еревана (столица Армении) Звартноц
Церемония встречи первого рейса авиакомпании FlyArystan в международном аэропорту Еревана (столица Армении) Звартноц - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2025
Жазылу
Бортта 182 жолаушы болған
АЛМАТЫ, 23 ақпан - Sputnik. Бүгін FlyArystan компаниясының Астана – Ақтау бағытында әуе рейсінде өрт шығып, жедел қонуға тура келді, деп хабарлайды компаниясының баспасөз қызметі.
"FS 7375 рейсін орындау барысында әуе кемесінің жоғарғы жүк сөресінде жолаушының сөмкесінен өрт шықты", - деп жазды ведомство.
Өртті әуекомпаниясының бортсеріктері жедел сөндірген. Бортта 182 жолаушы болған.
"Әуе кемесі ұшу пунктіне оралып, қону штаттық режимде жүзеге асырылды. Рейс Астана уақыты бойынша 17:10-ға ауыстырылды", - дейді FlyArystan.
Барлық жолаушыға билеттерін тегін қайта брондау немесе ақшасын қайтару мүмкіндігі қолжетімді, дейді олар.
Аэропорт Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2024
Бакуден Ақтауға ұшқан ұшақтан ақау шықты
Жаңалықтар
0