Бакуден Ақтауға ұшқан ұшақтан ақау шықты

Аэропорт Актау
Аэропорт Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2024
Жазылу
Әуежай қызметкерлері әуе кемесін ұшу-қону жолағынан сүйреп шығарған
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Бакуден ұшып шыққан ұшақтан Ақтау әуежайына қонғаннан кейін ақау шыққан.
Әуежай қызметкерлері әуе кемесін ұшу-қону жолағынан сүйреп шығарған.
Қазақстанның көлік министрлігі осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.
"Әуежайдың аэродромдық және жердегі қызметтері әуе кемесін ұшу-қону жолағынан сүйреп шығарды. Қону штаттық режимде өтті, қонғаннан кейін әуе кемесінің алдыңғы тірегінде (Баку-Ақтау бағыты) ақау туындады. Әуе кемесінде жолаушылар болмаған", - деп атап өтті министрлік.
Ведомствоның мәліметінше, Ақтау әуежайы ашық және штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі бұл оқиғаның сағат 09:04-те болғанын атап өтті.
"2024 жылы 30 желтоқсанда Ақтау аэродромына сағат 09:04-те "ASG Business Aviation LLC" әуе компаниясының ВС G450 ұшағы қонды. Қону штаттық режимде өтті. 11/29 ұшу-қону жолағына бұрылу кезінде экипаж шасси тұмсық тірегін басқаруда ақаулар туындаған. Аэродромнан сүйреткіш көлік шақырылды. Әуе кемесі тұрақ орнына жеткізілді", - деп атап өтті комитет.
Зардап шеккендер жоқ.
Жаңалықтар
0