Алматы облысында азық-түлік қоймасы өртенді

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаАстна қоймасындағы өрт
Астна қоймасындағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2025
Жазылу
Өрт аумағы шамамен 600 шаршы метрді құрады
АСТАНА, 20 наурыз - Sputnik. Алматы облысындағы өндірістік аймақта өрт шықты, деп хабарлады аймақтың төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт Боралдай ауылындағы қоймадан шыққан. Бөлмеде азық-түлік өнімдері мен автомобиль майлары болған.
Өртті сөндіруге облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 34 қызметкер мен 13 техника және Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен тағы 6 адам мен 1 техника жұмылдырылды.
"Өрт аумағы шамамен 600 шаршы метрді құрады. Өрт қойманың және оған жақын орналасқан үш қабатты әкімшілік ғимараттың бүкіл аумағына таралуына жол берілмеді. Өрт оқшауланды, зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ТЖД-дағылар.
Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу және сынақ өрт зертханасы мен тергеу бөлімі жіберілді.
Церемония встречи первого рейса авиакомпании FlyArystan в международном аэропорту Еревана (столица Армении) Звартноц - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2025
FlyArystan ұшағынан өрт шығып, шұғыл қонуға мәжбүр болды
Жаңалықтар
0