АСТАНА, 12 наурыз — Sputnik. "Өскемен – Алтай – Үлкен – Нарын – Катон-Қарағай – Рахман қайнары" тас жолының учаскесінде (62–64 км) сағат 14:00-17:00 аралығында жалпы көлемі 4000 текше метрді құрайтын бес қар көшкіні тіркелді.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" АҚ хабарлады.
"Қазіргі уақытта жолды тазарту жұмыстарына 6 арнайы техника мен 10 маман жұмылдырылып, көлік қозғалысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда", - деп хабарлады компаниядағылар.
Қосымша қар көшкіндерінің алдын алу мақсатында 2025 жылдың 13 наурызы сағат 10:00-де ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" мекемесінің мамандары жару жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты көлік қозғалысын ашу уақыты 13 наурыз сағат 18:00-ге шегерілді.