Шығыс Қазақстанда бірінен соң бірі қар көшкіні жүрді

© Photo : Пресс-служба ГУ "Казселезащита"Алматыдағы қар көшкіні
Алматыдағы қар көшкіні - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Жазылу
"Өскемен-Рахман қайнары" бағытындағы тас жолға төрт мың текше метрден астам қар түсті
АСТАНА, 12 наурыз — Sputnik. "Өскемен – Алтай – Үлкен – Нарын – Катон-Қарағай – Рахман қайнары" тас жолының учаскесінде (62–64 км) сағат 14:00-17:00 аралығында жалпы көлемі 4000 текше метрді құрайтын бес қар көшкіні тіркелді.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" АҚ хабарлады.
"Қазіргі уақытта жолды тазарту жұмыстарына 6 арнайы техника мен 10 маман жұмылдырылып, көлік қозғалысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда", - деп хабарлады компаниядағылар.
Қосымша қар көшкіндерінің алдын алу мақсатында 2025 жылдың 13 наурызы сағат 10:00-де ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" мекемесінің мамандары жару жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты көлік қозғалысын ашу уақыты 13 наурыз сағат 18:00-ге шегерілді.
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
"Ел аумағының 71 процентінде қар жатыр": су тасқыны қаупі жоғары аймақтар аталды
Жаңалықтар
0