Ақтөбе облысындағы ауылда карантин жарияланды

Көптоғай ауылдық округіндегі "Мәтжан" шаруа қожалығында мал қырылған
Sputnik
АЛМАТЫ, 11 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылында карантин жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Көптоғай ауылдық округінде 12 ақпан күні "Мәтжан" шаруа қожалығында мал өліп жатқаны анықталды. Ветеринар мамандар шұғыл сол жерге барып, патологиялық материалды Ақтөбе облыстық ветеринарлық зертханасына жіберді. 20 ақпандағы сараптама қорытындысына сәйкес, эмкар диагнозы дәлелденді", - дейді облыстық әкімдік.
Малдың өлексесі жойылып, қалған ірі қара бақылауға алынған.
"27 ақпан күні Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің шешімімен карантин жарияланды. Сауықтыру және профилактикалық шаралар жүргізілуде. Бұл вирус адамдардың денсаулығына еш зиянын тигізбейді, жұқпайды. Жағдай - ветеринарлық қызмет бақылауында", - деп толықтырды ведомство.
Ақтөбе облысында ірі қара мал қырылды: министрлік алдын ала себебін атады