Ақтөбе облысындағы ауылда карантин жарияланды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
Жазылу
Көптоғай ауылдық округіндегі "Мәтжан" шаруа қожалығында мал қырылған
АЛМАТЫ, 11 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылында карантин жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Көптоғай ауылдық округінде 12 ақпан күні "Мәтжан" шаруа қожалығында мал өліп жатқаны анықталды. Ветеринар мамандар шұғыл сол жерге барып, патологиялық материалды Ақтөбе облыстық ветеринарлық зертханасына жіберді. 20 ақпандағы сараптама қорытындысына сәйкес, эмкар диагнозы дәлелденді", - дейді облыстық әкімдік.
Малдың өлексесі жойылып, қалған ірі қара бақылауға алынған.
"27 ақпан күні Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің шешімімен карантин жарияланды. Сауықтыру және профилактикалық шаралар жүргізілуде. Бұл вирус адамдардың денсаулығына еш зиянын тигізбейді, жұқпайды. Жағдай - ветеринарлық қызмет бақылауында", - деп толықтырды ведомство.
Жамбыл облысында төрт түлік мал белгісіз аурудан қырылып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2024
Ақтөбе облысында ірі қара мал қырылды: министрлік алдын ала себебін атады
Жаңалықтар
0