https://sputnik.kz/20240731/aqtobe-oblysynda-iri-qara-mal-qyryldy-ministrlik-aldyn-ala-sebebin-atady-45996481.html
Ақтөбе облысында ірі қара мал қырылды: министрлік алдын ала себебін атады
Ақтөбе облысында ірі қара мал қырылды: министрлік алдын ала себебін атады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысы Алға ауданы Бесқоспа ауылдық округінде шаруаның ірі қара малы қырылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл оқиғаға... 31.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-31T14:22+0500
2024-07-31T14:22+0500
2024-07-31T14:22+0500
мал
жаппай қырылу
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1c/38839202_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_f523c8b6fce5495a3ae200a6c3c6a7c9.jpg
АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысы Алға ауданы Бесқоспа ауылдық округінде шаруаның ірі қара малы қырылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді."Санжар-Т" шаруа қожалығының 18 бас ірі қарасы қырылғаны туралы ақпарат Алға аудандық ветеринариялық стансасына 26 шілдеде түскен.Хабар түскен бойда мал иесіне ірі қара малдарын қамау тапсырылып, мамандар оқиға болған жерге дереу барған.Ал ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің мәліметінше, "Санжар-Т" шаруа қожалығындағы жануарлардың өлімі шілде айының басында басталған. Алайда қожалық иесінен Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясына ресми хабарлама 26 шілдеде келіп түскен."Бастапқыда малдан ішкі өзгерістер байқалмағаны анықталды, алдын-ала улану диагнозы қойылды. Сонымен қатар уланудың ықтимал себептерін анықтау үшін жануарлар ұсталған жайылымдардан шөп сынамалары алынды. Зерттеу нәтижелері 1 тамызда шығады", - дейді министрлік.Шаруа қожалығының басшысы ветеринариялық қызметпен бірлесіп, белгіленген жоспарға сәйкес вакцинация мен диагностиканы қоса алғанда, барлық қажетті эпизоотияға қарсы шараларды қабылдаған.Министрлік ірі қара малды тұрақты күнделікті бақылап жүргендерін айтады. Аймақтағы эпизоотиялық жағдайды да бақылауға алған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1c/38839202_75:0:1275:900_1920x0_80_0_0_856655aa78c76a8603e27b6c4fe687f3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мал, жаппай қырылу
АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысы Алға ауданы Бесқоспа ауылдық округінде шаруаның ірі қара малы қырылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Санжар-Т" шаруа қожалығының 18 бас ірі қарасы қырылғаны туралы ақпарат Алға аудандық ветеринариялық стансасына 26 шілдеде түскен.
Хабар түскен бойда мал иесіне ірі қара малдарын қамау тапсырылып, мамандар оқиға болған жерге дереу барған.
"Өлген мал өлексесі жарып сойылды. Нәтижесінде ірі қара малдары жаңбырдан кейін шыққан улы шөптермен уланған деген алдын ала диагноз қойылды. Өлекседен патологиялық материал алынды. Мал иесіне малдың жайылымын өзгерту туралы ескертілді", - дейді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ал ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің мәліметінше, "Санжар-Т" шаруа қожалығындағы жануарлардың өлімі шілде айының басында басталған. Алайда қожалық иесінен Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясына ресми хабарлама 26 шілдеде келіп түскен.
"Бастапқыда малдан ішкі өзгерістер байқалмағаны анықталды, алдын-ала улану диагнозы қойылды. Сонымен қатар уланудың ықтимал себептерін анықтау үшін жануарлар ұсталған жайылымдардан шөп сынамалары алынды. Зерттеу нәтижелері 1 тамызда шығады", - дейді министрлік.
Шаруа қожалығының басшысы ветеринариялық қызметпен бірлесіп, белгіленген жоспарға сәйкес вакцинация мен диагностиканы қоса алғанда, барлық қажетті эпизоотияға қарсы шараларды қабылдаған.
Министрлік ірі қара малды тұрақты күнделікті бақылап жүргендерін айтады. Аймақтағы эпизоотиялық жағдайды да бақылауға алған.