"Қазақстанның Қарулы күштерін, басқа да әскери құралымдарын мерзімді әскери қызметшілермен толықтыру, дамыған елдердегідей, әскери қауіпсіздікті, тұрақтылық пен аумақтық тұтастықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Міндетті әскери борышын өтеген азаматтар қажет болған жағдайда елімізді қорғауға жұмылдырылатын әскери дайындықтан өткен резервтің негізі болып табылады", – деді Сәкен Жүсіпов.
"Сонымен қатар, азаматтарға мерзімді әскери қызметке шақырудан босатуды қамтамасыз етеміз: бір немесе одан да көп баласы болса; қызметтегі мұғалім; ауылдық жерде істейтін дәрігерлер мен ғылыми дәрежесі бар азаматтар. Мәселен, өткен жылы осы тізім бойынша 160 мыңнан астам жас жігіт босатылса, 300 мыңға жуығы кейінге қалдыруды пайдаланды. 360 мың азамат жоғарыда аталған негіздер бойынша жеңілдікке ие болды", - деді генерал-майор.