Азаматтық борыш: 20 мыңнан астам адам әскерге аттанады

© Photo : Служба центральных коммуникацийҚазақстанда 20 мыңнан астам адамды әскерге шақыруды жоспарлап отыр
Қазақстанда 20 мыңнан астам адамды әскерге шақыруды жоспарлап отыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2025
Жазылу
Әскерге 18 бен 27 жас аралығындағы ер адамдар шақырылады
АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Қазақстанда міндетті әскери қызметке көктемгі шақыру басталды. Әскерге қабылдау науқаны осы жылдың 30 маусымында аяқталады. Бұл уақыт ішінде 18 бен 27 жас аралығындағы 20 мыңнан астам ер адам Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын толықтырады.
Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов 2025 жылғы мерзімді әскери қызметке шақырудың ерекшеліктері туралы айтты.

"Қазақстанның Қарулы күштерін, басқа да әскери құралымдарын мерзімді әскери қызметшілермен толықтыру, дамыған елдердегідей, әскери қауіпсіздікті, тұрақтылық пен аумақтық тұтастықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Міндетті әскери борышын өтеген азаматтар қажет болған жағдайда елімізді қорғауға жұмылдырылатын әскери дайындықтан өткен резервтің негізі болып табылады", – деді Сәкен Жүсіпов.

Министрліктің алдын ала мәліметі бойынша, Қарулы күштерге 10 мыңнан астам, Ұлттық ұланға 7 мыңнан астам, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 2 мыңнан астам, Төтенше жағдайлар министрлігіне 300-ден астам, Мемлекеттік күзет қызметіне 300-ге жуық адам шақырылады.
Сәкен Жүсіповтің айтуынша, биылғы әскерге шақыру науқаны бұрынғыдан өзгерек, әскери қызметке қатысты бірқатар қауіпсіздік шара қолға алынған. Тіркеу және әскерге шақыру жұмыстарын цифрландыру жүзеге асырылып, жергілікті әскери басқару органдарының қызметі оңтайландырылды.
Атап айтқанда, 17 жастағы ер баланы әскери есепке алу "проактивті электронды үкімет" форматына көшірілді.

"Сонымен қатар, азаматтарға мерзімді әскери қызметке шақырудан босатуды қамтамасыз етеміз: бір немесе одан да көп баласы болса; қызметтегі мұғалім; ауылдық жерде істейтін дәрігерлер мен ғылыми дәрежесі бар азаматтар. Мәселен, өткен жылы осы тізім бойынша 160 мыңнан астам жас жігіт босатылса, 300 мыңға жуығы кейінге қалдыруды пайдаланды. 360 мың азамат жоғарыда аталған негіздер бойынша жеңілдікке ие болды", - деді генерал-майор.

Қазіргі уақытта әскерге шақыртуды цифрландыру қолға алынған. Азаматтарды медициналық тексеруден өткізуді автоматтандыру үшін медициналық ақпараттық жүйелерді өңірлік қабылдау пункттерімен біріктіру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Қазақстандағы әскери қызметкерлер - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2025
"Жастар әскерге дайын емес": сенатор тағы бір маңызды себепті атады
Жаңалықтар
0