https://sputnik.kz/20250227/zhastar-askerge-dayyn-emes-senator-tagy-bir-manyzdy-sebepti-atady-51205291.html
"Жастар әскерге дайын емес": сенатор тағы бір маңызды себепті атады
"Жастар әскерге дайын емес": сенатор тағы бір маңызды себепті атады
Sputnik Қазақстан
51 жоғары оқу орнында бастапқы әскери даярлық пәнінің мұғалімдерін оқытуға лицензия бар 27.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-27T13:32+0500
2025-02-27T13:32+0500
2025-02-27T13:32+0500
әскери қызметкер
депутат
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/14/41058106_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_a727cdc17acd75b893b1073d29d24649.jpg
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Сенатор Дархан Қыдырәлі жастардың моральдық-психологиялық тұрғыда әскерге дайын болмауының тағы бір маңызды себебін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде әскери-патриоттық тәрбие мектептен батсап беріледі. Ол үшін алғашқы әскери дайындық сабақтары бар.Осы орайда сенатор тағы маңызды мәселені көтерді. Бүгінде 51 жоғары оқу орнында бастапқы әскери даярлық пәнінің мұғалімдерін оқытуға лицензия бар."Осы мамандықты оқығандар әскерге бармай-ақ, пән мұғалімі болып шығады. Ал өзі сапқа тұрмаған, қолына қару ұстамаған, темірдей тәртіп көрмеген адам жастарға қалай тәрбие береді. Содан жастар моральдық-психологиялық тұрғыда әскерге дайын болмайды, борышын өтеуге де құлшыныс төмендейді. Сондықтан бастапқы әскери даярлық пәнінің сағаты мен сапасына мән беру керек", - деді Қыдырәлі.Сенатор үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, осы мәселені қарастыруды сұрады.
https://sputnik.kz/20250227/qazaqstanda-eki-zhana-askeri-kolledzh-ashylady-51202705.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/14/41058106_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_53bab03df5ed2a132166eea0a8926f94.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер, депутат
әскери қызметкер, депутат
"Жастар әскерге дайын емес": сенатор тағы бір маңызды себепті атады
51 жоғары оқу орнында бастапқы әскери даярлық пәнінің мұғалімдерін оқытуға лицензия бар
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Сенатор Дархан Қыдырәлі жастардың моральдық-психологиялық тұрғыда әскерге дайын болмауының тағы бір маңызды себебін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде әскери-патриоттық тәрбие мектептен батсап беріледі. Ол үшін алғашқы әскери дайындық сабақтары бар.
"Бірақ алғашқы әскери тәрбие мен патриоттық сезімді беретін мектептегі ахуал көңіл көншітерлік емес. Пәнге арналған кабинеттердің материалдық базалары көбіне ескірген. Жаттығу қарулары сақталатын бөлмелер, тактикалық алаңдар мен атыс тирлері жоқ. Әскери-далалық жиындар өткізілмейді. Атауына "технология" сөзі қосылып, сағаты қысқарған пән 10-шы сыныппен шектеледі. Ал 11-ші сынып оқушылары ҰБТ-ға дайындалу үшін босатылады", - деді Қыдырәлі сенаттың бүгінгі отырысында.
Осы орайда сенатор тағы маңызды мәселені көтерді. Бүгінде 51 жоғары оқу орнында бастапқы әскери даярлық пәнінің мұғалімдерін оқытуға лицензия бар.
"Осы мамандықты оқығандар әскерге бармай-ақ, пән мұғалімі болып шығады. Ал өзі сапқа тұрмаған, қолына қару ұстамаған, темірдей тәртіп көрмеген адам жастарға қалай тәрбие береді. Содан жастар моральдық-психологиялық тұрғыда әскерге дайын болмайды, борышын өтеуге де құлшыныс төмендейді. Сондықтан бастапқы әскери даярлық пәнінің сағаты мен сапасына мән беру керек", - деді Қыдырәлі.
Сенатор үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, осы мәселені қарастыруды сұрады.