https://sputnik.kz/20250227/qazaqstanda-eki-zhana-askeri-kolledzh-ashylady-51202705.html
Қазақстанда екі жаңа әскери колледж ашылады
Қазақстанда екі жаңа әскери колледж ашылады
Sputnik Қазақстан
Колледжге алғашқы қабылдау биылға белгіленіп отыр 27.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-27T12:35+0500
2025-02-27T12:35+0500
2025-02-27T13:00+0500
колледж
әскерилер
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1f/38071894_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_b17e68a5b28ec088ff3678b379c9006e.jpg
АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. Биыл жаңа екі әскери колледж ашылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, полковник Мұрат Олжабаев.Жалпы Қазақстанда жоғары әскери білімді Алматыдағы Құрлық әскерлерінің Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери институтында, Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында және Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында алуға болады. Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беріледі, ол да жыл сайын 1000-нан астам адамның біліктілігін арттырады.Техникалық және кәсіптік білім беруді Астана, Щучье және Шымкент қалаларындағы үш әскери колледж ұсынады. Колледждер мотоатқыштар, танк, артиллериялық және инженерлік бөлімшелер, байланыс әскерлері, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану және жөндеу бөлімшелері үшін кәсіби сержанттар дайындайды.Болашақ әскери кадрлар дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы, барлау және десанттық-шабуылдау бөлімшелерін басқару, зымыран әскерлері мен артиллериялық бөлімдерді басқару, киім-кешек және азық-түлікпен қамтамасыз ету сияқты мамандықтар бойынша дайындалады.
https://sputnik.kz/20250227/biyl-2-myn-adam-askeri-rezervke-shaqyrylady--zan-maquldandy-51202304.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1f/38071894_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_552086e66836fac40d30c4ff57500c8a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
колледж, әскерилер
Қазақстанда екі жаңа әскери колледж ашылады
12:35 27.02.2025 (жаңартылды: 13:00 27.02.2025) Колледжге алғашқы қабылдау биылға белгіленіп отыр
АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. Биыл жаңа екі әскери колледж ашылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, полковник Мұрат Олжабаев.
Жалпы Қазақстанда жоғары әскери білімді Алматыдағы Құрлық әскерлерінің Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери институтында, Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында және Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында алуға болады. Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беріледі, ол да жыл сайын 1000-нан астам адамның біліктілігін арттырады.
Техникалық және кәсіптік білім беруді Астана, Щучье және Шымкент қалаларындағы үш әскери колледж ұсынады. Колледждер мотоатқыштар, танк, артиллериялық және инженерлік бөлімшелер, байланыс әскерлері, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану және жөндеу бөлімшелері үшін кәсіби сержанттар дайындайды.
"Сонымен қатар, "Жас Ұлан" республикалық мектептерінің базасында тағы екі әскери колледжді – Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі мен Қарағандыдағы Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледжді ашу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Биылғы жылы аталған әскери колледждерге алғашқы қабылдау жүреді", - деді Мұрат Олжабаев.
Болашақ әскери кадрлар дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы, барлау және десанттық-шабуылдау бөлімшелерін басқару, зымыран әскерлері мен артиллериялық бөлімдерді басқару, киім-кешек және азық-түлікпен қамтамасыз ету сияқты мамандықтар бойынша дайындалады.