https://sputnik.kz/20250227/biyl-2-myn-adam-askeri-rezervke-shaqyrylady--zan-maquldandy-51202304.html
Биыл 2 мың адам әскери резервке шақырылады – заң мақұлданды
Биыл 2 мың адам әскери резервке шақырылады – заң мақұлданды
Sputnik Қазақстан
Резервтегі әскери қызмет еңбек өтілі ретінде есептеледі 27.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-27T11:57+0500
2025-02-27T11:57+0500
2025-02-27T11:57+0500
сенат
әскери қызметкер
https://sputnik.kz/img/554/15/5541549_0:57:1160:710_1920x0_80_0_0_12a91a05bc044948308b893d09ceee41.jpg
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Сенат депутаттары резервтегі әскери қызметке қатысты заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Биылдан бастап Қазақстанда әскери қызметтің жаңа түрі - резервтегі қызмет енгізіледі. Оған 2 мың адам шақырылады.Әскери қызметтің бұл түрі ерікті болады. Әрбір адам өз қалауымен барады. Ал оны енгізудің негізгі мақсаты – мобилизациялық дайындық жүйесін жетілдіру. Заңға сәйкес, әрбір адамды резервтегі әскери қызметке тұрғылықты жері бойынша шақырады.Резервтегі әскери қызметшіге тиесілі барлық киім-кешек пен құрал-жабдық беріледі. Сондай-ақ, ай сайын ең төменгі жалақы төленеді. Биыл оның мөлшері 85 мың теңгені құрайды. Резервтегі әскери қызмет еңбек өтілі ретінде есептеледі. Ол үшін зейнетақы жарналары да аударылады.Резервтегі әскери қызметтің мерзімі – екі ай. Ал осы қызметке шақырылған адам барлық салықтан босатылады.Сенат заңды мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.
https://sputnik.kz/20250212/astanadagy-askeri-paradta-zhana-tekhnika-korsetiledi-50794875.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/554/15/5541549_68:0:1092:768_1920x0_80_0_0_3756aa66ad3207043a70e7ce9c6ec42e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сенат, әскери қызметкер
Биыл 2 мың адам әскери резервке шақырылады – заң мақұлданды
Резервтегі әскери қызмет еңбек өтілі ретінде есептеледі
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Сенат депутаттары резервтегі әскери қызметке қатысты заңды мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биылдан бастап Қазақстанда әскери қызметтің жаңа түрі - резервтегі қызмет енгізіледі. Оған 2 мың адам шақырылады.
Әскери қызметтің бұл түрі ерікті болады. Әрбір адам өз қалауымен барады. Ал оны енгізудің негізгі мақсаты – мобилизациялық дайындық жүйесін жетілдіру. Заңға сәйкес, әрбір адамды резервтегі әскери қызметке тұрғылықты жері бойынша шақырады.
Резервтегі әскери қызметшіге тиесілі барлық киім-кешек пен құрал-жабдық беріледі. Сондай-ақ, ай сайын ең төменгі жалақы төленеді. Биыл оның мөлшері 85 мың теңгені құрайды. Резервтегі әскери қызмет еңбек өтілі ретінде есептеледі. Ол үшін зейнетақы жарналары да аударылады.
Резервтегі әскери қызметтің мерзімі – екі ай. Ал осы қызметке шақырылған адам барлық салықтан босатылады.
Сенат заңды мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.