АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Локомотив пен жүк көлігі соқтығысқан Теңдік станциясындағы теміржол өткелінде қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.
Теміржол өткеліндегі жұмыстар үшін екі қалпына келтіру пойызы мен алты техника жұмылдырылды.
"Қарабатан станциясынан Атырау қаласының теміржол бекетіне дейін жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Атырау облысының әкімдігі 10 автобус ұйымдастырды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бүгін Теңдік станциясының темір жол өткелінде жүк көлігі жүргізушісінің кінәсінен ол жүк пойызымен соқтығысқан. Бір локомотив пен 11 бос вагон рельстен шығып кеткен.