Алматыдан Балқашқа пойыз қатынайды

© Photo : Facebook/@railways.kzПоезд на заснеженной дороге
Поезд на заснеженной дороге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. 1 наурызда "Алматы – Балқаш" және кері бағытта жаңа пойыз қатынай бастайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қарағанды облыстық әкімдікке сілтеме жасап.
Бұрын Балқаш тұрғындары Алматыға жету үшін алдымен Сарышаған станциясына баратын. Енді жаңа пойыз тікелей баруға мүмкіндік береді.
"Бұл "Балқаш – Мойынты" учаскесінде екінші жол құрылысының арқасында мүмкін болды, бұл желінің өткізу қабілетін айтарлықтай арттырады. Жоба Достық – Мойынты бағытындағы теміржол қатынасын дамыту жөніндегі ірі инфрақұрылымдық бастаманың бір бөлігі болып табылады", - делінген ресми хабарламада.
Пойыз қозғалысының кестесі:
Балқаш – Алматы: жұп сандар бойынша таңғы сағат 07:52-де, Алматы-2 станциясына келу уақыты - 00:58;
Алматы – Балқаш: тақ сандармен түнгі сағат 00:10-де, Балқашқа келу уақыты - 15:03.
Жол жүру уақыты 17 сағаттың маңайында.
Жаңалықтар
0