Салықтан жалтарған блогерлерге қосымша бір ай уақыт берілді

Sputnik
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті жүздеген жеке тұлғаның декларациясында табысты төмендетіп көрсеткенін анықтады. Олардың ішінде блогерлер де бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Салықшылар декларацияларды тексеру кезінде мемлекеттік органдар мен банктерден алынған ақпаратпен де салыстырып отырады. Осы жолы 594 жеке тұлға өз табысын 53,3 миллиард теңгеге төмендетіп көрсеткен.
"Осыған байланысты 13-14 ақпан аралығында кірістерді төмендету бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілді. Хабарламаны орындау үшін дербес есептелген салықтарды төлей отырып, қосымша салық есептілігі тапсырылады немесе хабарламамен келіспеген жағдайда түсіндірмені ұсыну қажет", - дейді салықшылар.
Камералдық бақылау хабарламасы 30 жұмыс күні ішінде орындалуы шарт.
Салық кодексіне қатысты түзетулер 20 ақпанға дейін мәжілістің қарауына енгізіледі