Қарағандыда 18 жастағы жігіт қарияны 1 млн теңгеге алдаған

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Sputnik
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Қарағандыда алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық полиция басқармасының Орталық полиция бөлімі қызметкерлері 18 жастағы жергілікті тұрғынды алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады.
"Тергеу барысында күдікті 83 жастағы қала тұрғынына телефон соғып, өзін дәрігер ретінде таныстырғаны анықталды. Ол әжейдің қызы жол апатына кінәлі болды деп айтып, жәбірленушілерге өтемақы төлеу қажет деген сылтаумен бір миллион теңгені алдап алған", - деп жазылған хабарламада.
Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарды сақ болуға және түрлі сылтаулармен ақша талап ететін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Осындай қоңыраулар болған жағдайда дереу “102” нөміріне хабарласу қажет.
Полиция бастығы тұрғын үй төлемдерін алу үшін қылмысқа барды