https://sputnik.kz/20250214/qaragandyda-18-zhastagy-zhigit-qariyany-1-mln-tengege-aldagan-50856556.html
Қарағандыда 18 жастағы жігіт қарияны 1 млн теңгеге алдаған
Қарағандыда 18 жастағы жігіт қарияны 1 млн теңгеге алдаған
Sputnik Қазақстан
Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды 14.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-14T09:53+0500
2025-02-14T09:53+0500
2025-02-14T10:08+0500
полиция
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47720250_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_27ada75fa95f2cd016eebe4f3b3acdb9.jpg
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Қарағандыда алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.Қарағанды қалалық полиция басқармасының Орталық полиция бөлімі қызметкерлері 18 жастағы жергілікті тұрғынды алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады.Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.Полиция азаматтарды сақ болуға және түрлі сылтаулармен ақша талап ететін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Осындай қоңыраулар болған жағдайда дереу “102” нөміріне хабарласу қажет.
https://sputnik.kz/20250131/politsiya-bastygy-turgyn-uy-tolemderin-alu-ushin-qylmysqa-bardy-50466387.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47720250_176:0:1076:675_1920x0_80_0_0_24cd55ba7bdec120777bf0198d16695f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, алаяқтық
Қарағандыда 18 жастағы жігіт қарияны 1 млн теңгеге алдаған
09:53 14.02.2025 (жаңартылды: 10:08 14.02.2025) Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Қарағандыда алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Қарағанды қалалық полиция басқармасының Орталық полиция бөлімі қызметкерлері 18 жастағы жергілікті тұрғынды алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады.
"Тергеу барысында күдікті 83 жастағы қала тұрғынына телефон соғып, өзін дәрігер ретінде таныстырғаны анықталды. Ол әжейдің қызы жол апатына кінәлі болды деп айтып, жәбірленушілерге өтемақы төлеу қажет деген сылтаумен бір миллион теңгені алдап алған", - деп жазылған хабарламада.
Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарды сақ болуға және түрлі сылтаулармен ақша талап ететін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Осындай қоңыраулар болған жағдайда дереу “102” нөміріне хабарласу қажет.