https://sputnik.kz/20250131/politsiya-bastygy-turgyn-uy-tolemderin-alu-ushin-qylmysqa-bardy-50466387.html
Полиция бастығы тұрғын үй төлемдерін алу үшін қылмысқа барды
Полиция бастығы тұрғын үй төлемдерін алу үшін қылмысқа барды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Өскемен қаласында тұрғын үй төлемдерін алу үшін қылмысқа барған полиция бастығы сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 31.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-31T18:43+0500
2025-01-31T18:43+0500
2025-01-31T18:44+0500
полиция
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e8/08/0e/46311690_27:0:1271:700_1920x0_80_0_0_5539d2d84dc32f6ee0c8dd87915d66e8.jpg
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Өскемен қаласында тұрғын үй төлемдерін алу үшін қылмысқа барған полиция бастығы сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сот материалдарына сәйкес, көліктегі полиция департаменті бөлімшесінің бастығы Р.Байчин тұрғын үй төлемдерін алу үшін өз атында баспананың жоқтығын растайтын анықтаманы заңсыз жасатқан. Оған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің бас маманы А.Қыдырбаева көмектескен. Ол "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" жүйесіне полицейдің атында жылжымайтын мүлкінің жоқтығы туралы жалған мәліметтер енгізген. Ал Байчин жалған анықтаманың негізінде жұмыс орнынан 7,2 млн теңгенің тұрғын үй төлемдерін алған.Сот үкімімен мүлікті тіркеу бөлімінің бас маманы шартты түрде 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оған екі жыл бойы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қатысы бар квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуге болмайды.Ал полиция бастығы залалды толығымен өтеді. Осыған байланысты 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды. "Полицияның аға лейтенанты" арнаулы атағынан да айырылды.
https://sputnik.kz/20250120/qazaqstanda-qylmys-zhii-zhasalatyn-qalalardyn-tizimi-zhariyalandy-50141634.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/0e/46311690_182:0:1115:700_1920x0_80_0_0_0493af165dae898a45f727fc0c2cc7ca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, қылмыс
Полиция бастығы тұрғын үй төлемдерін алу үшін қылмысқа барды
18:43 31.01.2025 (жаңартылды: 18:44 31.01.2025) АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Өскемен қаласында тұрғын үй төлемдерін алу үшін қылмысқа барған полиция бастығы сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сот материалдарына сәйкес, көліктегі полиция департаменті бөлімшесінің бастығы Р.Байчин тұрғын үй төлемдерін алу үшін өз атында баспананың жоқтығын растайтын анықтаманы заңсыз жасатқан. Оған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің бас маманы А.Қыдырбаева көмектескен. Ол "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" жүйесіне полицейдің атында жылжымайтын мүлкінің жоқтығы туралы жалған мәліметтер енгізген. Ал Байчин жалған анықтаманың негізінде жұмыс орнынан 7,2 млн теңгенің тұрғын үй төлемдерін алған.
Сот үкімімен мүлікті тіркеу бөлімінің бас маманы шартты түрде 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оған екі жыл бойы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қатысы бар квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуге болмайды.
Ал полиция бастығы залалды толығымен өтеді. Осыған байланысты 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды. "Полицияның аға лейтенанты" арнаулы атағынан да айырылды.