Алматыда тағы бір ғимарат сүрілді

Қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесіне ғимаратты бұзу туралы нұсқама берген
Sputnik
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Алматының орталығында орналасқан сауда павильоны бұзылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ғимаратты сүру туралы шешімді сот шығарған.

"Меншік иесі жеке тұлға, нысанды қосымша рұқсат құжаттарынсыз тұрғызған және пайдалануға беру актісі болмаған", - дейді ведомстводағылар.

Қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесіне ғимаратты бұзу туралы нұсқама берген, алайда ол жүзеге аспаған. Амалсыз сотқа жүгінді.
"Басқарма осы нысанды бұзу туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берді. Соттың 2025 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен талап қанағаттандырылды", - дейді әкімдіктегілер.
Сауда нысаны Қалдаяқов көшесінің бойында орналасқан.
Жетісу облысында апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа ғимарат салынады