Алматыда тағы бір ғимарат сүрілді

© Алматы қаласының әкімдігіАлматыда тағы бір ғимарат сүрілді
Алматыда тағы бір ғимарат сүрілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2025
Жазылу
Қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесіне ғимаратты бұзу туралы нұсқама берген
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Алматының орталығында орналасқан сауда павильоны бұзылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ғимаратты сүру туралы шешімді сот шығарған.

"Меншік иесі жеке тұлға, нысанды қосымша рұқсат құжаттарынсыз тұрғызған және пайдалануға беру актісі болмаған", - дейді ведомстводағылар.

Қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесіне ғимаратты бұзу туралы нұсқама берген, алайда ол жүзеге аспаған. Амалсыз сотқа жүгінді.
"Басқарма осы нысанды бұзу туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берді. Соттың 2025 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен талап қанағаттандырылды", - дейді әкімдіктегілер.
Сауда нысаны Қалдаяқов көшесінің бойында орналасқан.
Астанадағы жайлы мектеп - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2024
Жетісу облысында апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа ғимарат салынады
Жаңалықтар
0