https://sputnik.kz/20241231/zhetisu-oblysynda-apatty-zhagdaydagy-mekteptin-ornyna-zhana-gimarat-salynady-49690869.html
Жетісу облысында апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа ғимарат салынады
Жетісу облысында апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа ғимарат салынады
Sputnik Қазақстан
1969 жылы салынған орта мектептің ескі ғимаратында 140-тан астам бала білім алуда 31.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-31T10:53+0500
2024-12-31T10:53+0500
2024-12-31T10:53+0500
жетісу облысы
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e8/09/01/46731558_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_1cf16e8949c60b6ee02a77e69500269f.jpg
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң шеңберінде арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен Жетісу облысы Рудничный ауылында апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа ғимарат салынады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Үкімет бұл жобаны жүзеге асыруға 2,6 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдады.Жаңа мектеп 200 орынға есептелген, 30 орындық шағын дайындық орталығы болады. Рудничный ауылында барлығы 1 мыңнан аса адам тұрады, оның 241-і мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар.Білім беру нысанының құрылысы орын тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізіп, балалардың заманауи талаптарға сай білім алуына қажетті қолайлы жағдай жасайды.
https://sputnik.kz/20241212/qaytarylgan-aktivter-esebinen-12-mlrd-tengege-ulytau-oblysynda-zhana-mektep-salynady-49231244.html
жетісу облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/01/46731558_251:0:1751:1125_1920x0_80_0_0_d793a4afbf2fee5f60a871d1834af0ba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетісу облысы, мектеп
Жетісу облысында апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа ғимарат салынады
1969 жылы салынған орта мектептің ескі ғимаратында 140-тан астам бала білім алуда
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң шеңберінде арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен Жетісу облысы Рудничный ауылында апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа ғимарат салынады, деп хабарлады үкіметтің
баспасөз қызметі.
Үкімет бұл жобаны жүзеге асыруға 2,6 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдады.
"1969 жылы салынған орта мектептің ескі ғимаратында 140-тан астам бала білім алуда. 55 жылдан бері білім ошағы ешқандай күрделі жөндеу көрмеген. Қазіргі уақытта мектеп апатты жағдайда: су және кәріз құбырлары тозған, жылу жүйесі зақымданған. Жалпы, ғимараттың физикалық тозу деңгейі 40%-ды құрайды", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа мектеп 200 орынға есептелген, 30 орындық шағын дайындық орталығы болады. Рудничный ауылында барлығы 1 мыңнан аса адам тұрады, оның 241-і мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар.
Білім беру нысанының құрылысы орын тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізіп, балалардың заманауи талаптарға сай білім алуына қажетті қолайлы жағдай жасайды.