Жұманғарин 10 проценттік құн салығы қай салада енгізілетінін айтты

Үкімет 10 проценттік салықты денсаулық саласы үшін бекітуді ұсынды
Sputnik
АСТАНА, 11 ақпан– Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сараланған құн салығын енгізу жоспарын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет қосылған құн салығының базалық мөлшерлемесін 16 процент деңгейінде бекітуді ұсынып отыр. Алайда кей салалар үшін 10 проценттік салық болады.
"Біз 10 проценттік салықты денсаулық саласы үшін бекітуді ұсынамыз. Бұдан басқа тағы кімдер үшін енгізіледі? Оны талқылауымыз қажет. Біз барлық ұсынысты жинап, есептеп шығамыз. Сөйтіп, сарапшылар мен бизнеспен бірге нақты шешімге келеміз",-деді Жұманғарин үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал 0 проценттік мөлшерлеме ауыл шаруашылығы саласында енгізіледі. Қазіргі кезде шаруа қожалықтары қосылған құн салығын төлемейді. Бұл жеңілдік сақталады. Ал ауыл шаруашылығы тауарларын шығаратын заңды тұлғалар 30 проценттік құн салығын төлеп жүр. Бұдан былай олар да төлемейді.
Еске сала кетейік, үкімет президент тапсырмасынан кейін ҚҚС мөлшерлемесін 16% деңгейінде белгілеуді ұсынған болатын.
Үкімет ұсынып отырған қосымша құн салығының мөлшерлемесі тым жоғары – Тоқаев