https://sputnik.kz/20250207/ukimet-usynyp-otyrgan-qosymsha-qun-salygynyn-molsherlemesi-tym-zhogary--toqaev-50653511.html
Үкімет ұсынып отырған қосымша құн салығының мөлшерлемесі тым жоғары – Тоқаев
Үкімет ұсынып отырған қосымша құн салығының мөлшерлемесі тым жоғары – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды, деп... 07.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-07T15:00+0500
2025-02-07T15:00+0500
2025-02-07T15:05+0500
салық
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1c/50354887_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_26b1784271f619874220bdf480245fed.jpg
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды, деп хабарлады Ақорда."Кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн. Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керек. Қосымша құн салығына қатысты бұған дейін көзқарасымды білдірмеген едім. Өйткені қызметтік дәрежеме сәйкес, менің әрбір сөзім, пікірім қатаң тапсырма сияқты қабылданады. Соған қарамастан бұл мәселе бойынша ойымды жеткізгім келеді. Қалай десек те, қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлермен өткен кездесуде .Ол Үкімет түпкілікті шешімді білікті сарапшылар мен кәсіпкерлердің, депутаттардың пікіріне құлақ аса отырып, нақты есептеулер негізінде қабылдауы қажет екенін атап өтті."Мемлекетке барынша оңтайлы шешім қажет. Яғни бір жағынан бизнес жүргізуге кедергі келтірмей, қолайлы жағдай жасайтын, ал екінші жағынан, салыққа қатысты тәртіпті күшейтіп, бюджет кірісін арттыратын тиімді жолды табуымыз қажет, – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.Еске сала кетейік, үкімет қосымша құн салығын 20 процентке дейін көтеруді ұсынған болатын.
https://sputnik.kz/20250207/qosarlangan-qun-salygy-osedi-baga-qansha-protsentke-qymbattauy-mumkin-50648698.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1c/50354887_49:0:1185:852_1920x0_80_0_0_e5f05648a7e04774f1fab05db36c0cbd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық
Үкімет ұсынып отырған қосымша құн салығының мөлшерлемесі тым жоғары – Тоқаев
15:00 07.02.2025 (жаңартылды: 15:05 07.02.2025) АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды, деп хабарлады Ақорда.
"Кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн. Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керек. Қосымша құн салығына қатысты бұған дейін көзқарасымды білдірмеген едім. Өйткені қызметтік дәрежеме сәйкес, менің әрбір сөзім, пікірім қатаң тапсырма сияқты қабылданады. Соған қарамастан бұл мәселе бойынша ойымды жеткізгім келеді. Қалай десек те, қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлермен өткен кездесуде .
Ол Үкімет түпкілікті шешімді білікті сарапшылар мен кәсіпкерлердің, депутаттардың пікіріне құлақ аса отырып, нақты есептеулер негізінде қабылдауы қажет екенін атап өтті.
"Бір анығы, үкіметтің қазіргі ұсынып отырған мөлшерлемесі тым жоғары. Сіздер нақты цифрды айттыңыздар. Оны қоғам қызу талқылады. Тіпті, кей жағдайда артық сөздер де айтылды. Дегенмен, бұл қоғам талқысына алдын ала салынған ұсыныс болатын. Тағы қайталап айтамын, үкіметтің бұл бағыттағы жұмысы бизнес, қоғам, кәсіпкерлер, сарапшылардың, яғни барлық тараптың пікірі ескеріле отырып жалғасуы керек. Биыл нақты шешім қабылдануға тиіс", - деп толықтырды президент.
"Мемлекетке барынша оңтайлы шешім қажет. Яғни бір жағынан бизнес жүргізуге кедергі келтірмей, қолайлы жағдай жасайтын, ал екінші жағынан, салыққа қатысты тәртіпті күшейтіп, бюджет кірісін арттыратын тиімді жолды табуымыз қажет, – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетейік, үкімет қосымша құн салығын 20 процентке дейін көтеруді ұсынған болатын.