АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылы Харбин қаласындағы (Қытай) Азия ойындарында жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық әйелдер командалық спринтте үшінші орындағы нәтиже көрсетті, . Ел қоржынына медальді Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина салды.
Бірінші орында Оңтүстік Корея тұрса, Қытай құрамасы екінші орын алды.
Еске салайық, бүгін Қазақстан Азиададағы алғашқы алтынды жеңіп алды.