Азиада: қазақстандық шаңғышының қоласы күміске айналды

© Photo : Комитет по делам физкультуры и спорталыжник Константин Борцов
лыжник Константин Борцов - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Харбинде өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында қазақстандық шаңғышы Константин Борцов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін Борцов ерлер арасындағы спринт жарысында қола жүлде жеңіп алған болатын. Екінші орын алған Жапония спортшысы ереже бұзып, жарыстан шеттетілгеннен кейін отандасымызға күміс жүлде табысталды.
Айта кетері, оның алдында шорт-тректен Қазақстан құрамасы 2000 метрге аралас эстафетада ақтық сайыста күміс алқа иеленді. Ал конькиші Евгений Кошкин ел қоржынына тағы бір күміс медаль салды.
IX қысқы Азия ойындары - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2025
Қысқы Азия ойындары: қазақстандық спортшылар ел қоржынына алғашқы екі жүлдені салды
Жаңалықтар
0