Қазақстандық конькишілер Азиадада қола жүлдегер атанды

Қытайда IX қысқы Азия ойындары басталды
Қытайда IX қысқы Азия ойындары басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2025
Жазылу
Қазақстандық спортшылар командалық спринтте үшінші орындағы нәтиже көрсетті
АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылы Харбин қаласындағы (Қытай) Азия ойындарында жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық әйелдер командалық спринтте үшінші орындағы нәтиже көрсетті, . Ел қоржынына медальді Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина салды.
Бірінші орында Оңтүстік Корея тұрса, Қытай құрамасы екінші орын алды.
Еске салайық, бүгін Қазақстан Азиададағы алғашқы алтынды жеңіп алды.
лыжник Константин Борцов - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2025
Азиада: қазақстандық шаңғышының қоласы күміске айналды
Жаңалықтар
0