Дикий Арман түрмеде өзіне қол жұмсамақ болды

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті бұл фактіні растады
Sputnik
АЛМАТЫ, 1 ақпан - Sputnik. Арман Жұмагелдиев абақтыда отырып өзіне қол салмақ болған, деп хабарлайды қылмыстық атқару жүйесі комитеті.
"Бұл сотталған адам өзіне қол жұмсады, жеңіл жарақаттар алған. Медициналық көмек дереу көрсетілді. Жағдайы қанағаттанарлықтай", - дейді ведомство.
Комитеттің мәліметінше, сотталушы ерекше бақылауда, онымен мекеме психологтары жұмыс істеп жатыр.
Осы факті бойынша қызметтік тексеріс басталған.
Еске сала кетейік, Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Дикий Арманға сот үкімі шықты