Жамбыл облысында жүк көлігінің жүргізушісі далада 5 күн бойы түнеген

Жүк көлігі асуда тұрып қалын, жүргізуші оны өз бетінше жөндей алмаған
Sputnik
АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Жамбыл облысында жүк көлігінің жүргізушісі құтқарушылар тапқанша мұз басқан далада 5 күн тіршілік етуге мәжбүр болды.
Оның жүк көлігі қатты аяздан Қордай асуында тұрып қалған. Оны өз бетімен жөндеу мүмкін болмады – тамағы таусылып, көліктегі жанармай қатып, аккумуляторы істен шығып, ол байланыссыз қалған.
"Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнына "Трэкол" арнайы көлігімен барып, онда өте қиын жағдайда қалған жүк көлігінің жүргізушісін тапқан", - деп хабарлады облыстық ТЖД.
Құтқарушылардың айтуынша, ер адам зардап шекпеген, мамандар көлікті оталдыруға көмектескеннен кейін ол жол жүруді жалғастырған.
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді