Жамбыл облысында жүк көлігінің жүргізушісі далада 5 күн бойы түнеген

© Пресс-служба МЧС КазахстанаЖамбыл облысында жүк көлігінің жүргізушісі далада 5 күн бойы түнеген
Жамбыл облысында жүк көлігінің жүргізушісі далада 5 күн бойы түнеген - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2025
Жазылу
Жүк көлігі асуда тұрып қалын, жүргізуші оны өз бетінше жөндей алмаған
АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Жамбыл облысында жүк көлігінің жүргізушісі құтқарушылар тапқанша мұз басқан далада 5 күн тіршілік етуге мәжбүр болды.
Оның жүк көлігі қатты аяздан Қордай асуында тұрып қалған. Оны өз бетімен жөндеу мүмкін болмады – тамағы таусылып, көліктегі жанармай қатып, аккумуляторы істен шығып, ол байланыссыз қалған.
"Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнына "Трэкол" арнайы көлігімен барып, онда өте қиын жағдайда қалған жүк көлігінің жүргізушісін тапқан", - деп хабарлады облыстық ТЖД.
Құтқарушылардың айтуынша, ер адам зардап шекпеген, мамандар көлікті оталдыруға көмектескеннен кейін ол жол жүруді жалғастырған.
Архивно фото схода лавины - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2025
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді
Жаңалықтар
0