Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАрхивно фото схода лавины
Архивно фото схода лавины - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2025
Жазылу
ТЖМ тұрғындарға тауға барудан бас тартуды ұсынады
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді. Құтқарушылар жағдайдың мән-жайын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазселденқорғау" мекемесінің мәліметінше, Ұлан ауданында облыстық маңызы бар Өскемен - Самара тасжолының 101-шақырымында қалың қар жауып, жел күшеюі салдарынан жалпы көлемі 370 текше метр қар көшкіні болған.
"Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ. Қар көшкіні жолды жауып тастады. Жол тазартылды. 17-20 қаңтар аралығында облыстың таулы аудандарында көшкін қаупі жарияланды", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ тұрғындарға тауға барудан бас тартуды ұсынады. Көшкін қаупі бар ошақтар тасжолдарға қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда тоқтамаған жөн.
Главе казахстанского МЧС показали новое оборудование для профилактики снежных лавин - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2025
Алматыдағы қар көшкініне қарсы жүйе қалай істейді
Жаңалықтар
0