АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресейдің Новосибирск қаласында ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
24 жастағы күдіктіге ІІМ Интерполы іздеу жариялаған. Оған ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр.
"Күдікті былтыр жазда Алматыдағы сауда үйлерінің бірінде техника сатушы болып жұмыс істеп, азаматтарға мобильді телефондар мен олардың аксессуарларын сатамын деген желеумен алаяқтық жасаған. Ол 20 миллион теңгеден астам ақша жымқырған", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр.