АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Келер жылдан бастап Көкшетауда зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүреді, деп хабарлады Qazaqstan.tv.
Мұндай жеңілдікті тек соғыс ардагерлері мен оған теңестірілген азаматтар және I, II топтағы мүгедектер пайдаланып келді. Сондай-ақ зейнеткерлерге келер жылдан бастап шипажайларға тегін жолдамалар қарастырылмақ.
Айта кетері, қоғамдық көліктегі жол жүру құны картамен 100 теңге болса, қолма-қол ақшамен төлем бағасы 200 теңге.