Көкшетауда зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүреді

© Photo : CC0 / Sabine van ErpЗабота
Забота - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2024
Жазылу
Сондай-ақ зейнеткерлерге келер жылдан бастап шипажайларға тегін жолдамалар қарастырылмақ
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Келер жылдан бастап Көкшетауда зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүреді, деп хабарлады Qazaqstan.tv.
Мұндай жеңілдікті тек соғыс ардагерлері мен оған теңестірілген азаматтар және I, II топтағы мүгедектер пайдаланып келді. Сондай-ақ зейнеткерлерге келер жылдан бастап шипажайларға тегін жолдамалар қарастырылмақ.
Айта кетері, қоғамдық көліктегі жол жүру құны картамен 100 теңге болса, қолма-қол ақшамен төлем бағасы 200 теңге.
Пожилые люди - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2023
Қоғам
Зейнеткерлер мүлік салығынан босатылған ба – министрлік жауап берді
Жаңалықтар
0