Қоғам

Зейнеткерлер мүлік салығынан босатылған ба – министрлік жауап берді

© Photo : Julita Пожилые люди
Пожилые люди - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде зейнеткерлердің мүлік салығынан толығымен босатылғаны туралы ақпарат тарады. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті осы мәселеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Салық кодексіне сәйкес, бөлек тұратын зейнеткерлер салықтан босатылады. Сол мекенжайда өздері ғана тіркелуі шарт. Бірақ барлық мүліктің жалпы салығы айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшерінен (3 450 000 теңге) аспауы тиіс.
Заңда салықтан босатылатын басқа да тұлғалар көрсетілген Олар:
1.
айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде – Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен марапатталған адамдар, "Батыр ана" атағын және "Алтын алқа" алқасын иеленген көп балалы аналар;
2.
айлық есептік көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде – Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградтталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар;
3.
Сондай-ақ Салық кодексінің 526-бабының 2-тармағында белгіленген өзге де тұлғалар салықтан босатылады.
Айта кетері, 2022 жыл үшін мүлік салығын төлеу мерзімі 2023 жылдың 1 қазанында аяқталады.
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2023
Экономика
Блогерлер үшін салық және жаңа айыппұл – заң жобасы мақұлданды
Жаңалықтар
0