https://sputnik.kz/20230607/blogerler-ushin-salyq-ayyppul-zan-zhobasy-35712489.html
Блогерлер үшін салық және жаңа айыппұл – заң жобасы мақұлданды
Блогерлер үшін салық және жаңа айыппұл – заң жобасы мақұлданды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Қазақстандық блогерлер салық төлеуге міндеттеледі және жалған ақпарат үшін жаңа айыппұл енгізіледі. Мәжіліс "Онлайн-платформалар... 07.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-07T17:53+0500
2023-06-07T17:53+0500
2023-06-07T17:53+0500
экономика
блогер
салық
айыппұл
заң жобасы
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18892933_0:3:3631:2045_1920x0_80_0_0_39e01cbc99f18ddf185c2e41180da9f2.jpg
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Қазақстандық блогерлер салық төлеуге міндеттеледі және жалған ақпарат үшін жаңа айыппұл енгізіледі. Мәжіліс "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Заң жобасына парламент депутаттары бастамашы болған. Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның айтуынша, заң жобасында онлайн жарнама, инфлюенсер және жалған ақпарат ұғымдары енгізілген. "Осы кезге дейін біз дәстүрлі жарнаманы жақсы білеміз. Теледидарды қоссақ, айқын көріп отырамыз, газет-журналдарды ашсақ та, жарнама анық көрініп тұрады. Біздің ойымызша, азаматтардың құқығын қорғау үшін, олар алданбау үшін, ертең қаржылық пирамидаға тап болмау үшін әлеуметтік желідегі жарнаманы да, демеушілік контентті де айқын көрсетуіміз керек. Әлемдік тәжірибеде бұл бар. Ол блогерлерден, инфлюенсерлерден осыны талап етеді", - деді Сарым мәжілістің жалпы отырысында заң жобасын таныстырып.Сондай-ақ интернет арқылы табыс табатын блогерлер енді салық төлеуге міндеттеледі. "Шетелдің мақалы бар: кез келген адам өлім мен салықтан құтыла алмайды деген. Олай болса, біздің замандастарымыз да, журналистеріміз де айтып отыр: неге біз барлығы үшін салық төлейміз, ал интернетте миллиардтап, миллиондап ақша жинап жатқан азаматтар мемлекеттік қазынаға бір тиын да құймайды деген мәселені қойып отыр. Осы себепті біз блогер, инфлюенсер деген ұғымды енгіздік. Осы себепті де жарнаманың сан алуан түрлерін заңға бекітіп, алдағы уақытта мұның барлығы, ең алдымен Кәсіпкерлік кодекске және жыл соңында келетін Салық кодексіне еніп, сұр экономикада жүрген дүниенің барлығын ашық алаңға шығару, мемлекет қазынасын толтыруға пайдалану қажет деп есептейміз", - деді мәжілісмен. Оның айтуынша, бүгінде жарнаманың алпыс пайызы интернет саласына кетіп жатыр. Бұл қазіргі таңда триллиондаған ақша болуы ықтимал. Заң жобасындағы тағы бір жаңашылдық – жалған ақпарат үшін салынатын айыппұл. "Басты мәселенің бірі – біз жалған ақпарат деген ұғымды енгізіп отырмыз. Бұл біздің заңнаманы жартылай декриминализациялау деп есептейміз, себебі барлық мәселені сот арқылы шешу керек және оның ішінде айыппұлдар болуы керек. Адам қасақана емес, қателесіп кетсе, басқа да жағдаяттар болса, жалған ақпараты көп зиян тигізбесе, онда 20 АЕК (69 000 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді. Егер дәл осы әрекетті қайталаса, айыппұл екі еселенеді. Заңды тұлғаларға да осындай тиісті баспалдақ бар", - деп түсіндірді Сарым. Мәжіліс депутаттары аталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
https://sputnik.kz/20230606/aleumettik-zheli-arqyly-zhas-qyzdardy-zhezokshelikke-tartqan-bloger-ustaldy-35655970.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18892933_450:0:3181:2048_1920x0_80_0_0_247aa42bd0f936e6f9dc3d2063e21660.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
блогер салық айыппұл заң налог штраф закон
блогер салық айыппұл заң налог штраф закон
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Қазақстандық блогерлер салық төлеуге міндеттеледі және жалған ақпарат үшін жаңа айыппұл енгізіледі. Мәжіліс "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң жобасына парламент депутаттары бастамашы болған. Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның айтуынша, заң жобасында онлайн жарнама, инфлюенсер және жалған ақпарат ұғымдары енгізілген.
"Осы кезге дейін біз дәстүрлі жарнаманы жақсы білеміз. Теледидарды қоссақ, айқын көріп отырамыз, газет-журналдарды ашсақ та, жарнама анық көрініп тұрады. Біздің ойымызша, азаматтардың құқығын қорғау үшін, олар алданбау үшін, ертең қаржылық пирамидаға тап болмау үшін әлеуметтік желідегі жарнаманы да, демеушілік контентті де айқын көрсетуіміз керек. Әлемдік тәжірибеде бұл бар. Ол блогерлерден, инфлюенсерлерден осыны талап етеді", - деді Сарым мәжілістің жалпы отырысында заң жобасын таныстырып.
Сондай-ақ интернет арқылы табыс табатын блогерлер енді салық төлеуге міндеттеледі.
"Шетелдің мақалы бар: кез келген адам өлім мен салықтан құтыла алмайды деген. Олай болса, біздің замандастарымыз да, журналистеріміз де айтып отыр: неге біз барлығы үшін салық төлейміз, ал интернетте миллиардтап, миллиондап ақша жинап жатқан азаматтар мемлекеттік қазынаға бір тиын да құймайды деген мәселені қойып отыр. Осы себепті біз блогер, инфлюенсер деген ұғымды енгіздік. Осы себепті де жарнаманың сан алуан түрлерін заңға бекітіп, алдағы уақытта мұның барлығы, ең алдымен Кәсіпкерлік кодекске және жыл соңында келетін Салық кодексіне еніп, сұр экономикада жүрген дүниенің барлығын ашық алаңға шығару, мемлекет қазынасын толтыруға пайдалану қажет деп есептейміз", - деді мәжілісмен.
Оның айтуынша, бүгінде жарнаманың алпыс пайызы интернет саласына кетіп жатыр. Бұл қазіргі таңда триллиондаған ақша болуы ықтимал. Заң жобасындағы тағы бір жаңашылдық – жалған ақпарат үшін салынатын айыппұл.
"Басты мәселенің бірі – біз жалған ақпарат деген ұғымды енгізіп отырмыз. Бұл біздің заңнаманы жартылай декриминализациялау деп есептейміз, себебі барлық мәселені сот арқылы шешу керек және оның ішінде айыппұлдар болуы керек. Адам қасақана емес, қателесіп кетсе, басқа да жағдаяттар болса, жалған ақпараты көп зиян тигізбесе, онда 20 АЕК (69 000 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді. Егер дәл осы әрекетті қайталаса, айыппұл екі еселенеді. Заңды тұлғаларға да осындай тиісті баспалдақ бар", - деп түсіндірді Сарым.
Мәжіліс депутаттары аталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.