Ақтаудағы ұшақ апаты: зардап шеккендердің барлығы елдеріне оралды

Sputnik
АЛМАТЫ, 31 желтоқсан - Sputnik. Ақтауда ұшақ апатынан зардап шегіп ауруханаға түскендер үйлеріне шығарылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Төтенше жағдайлар құтқарушылары ұшақ апатынан зардап шеккен Әзербайжан Республикасының үш азаматын әуежайға аман-есен жеткізді.
Қазіргі күні Маңғыстау облысының ауруханаларында Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендер қалмады. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін құтқарылған 29 науқастың барлығы емдеуді жалғастыру үшін өз елдеріне жіберілді. Қазақстандық дәрігерлер науқастардың барлығының өмірін сақтап қалды.
Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Әзербайжан Республикасының ұшағы Ақтау маңында апатты жағдайда қонды. 38 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды.
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Путин Әзербайжан президентінен кешірім сұрады