Ақтаудағы ұшақ апатынан 6 адам тірі қалды

Ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі
Sputnik
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ апатынан 6 адам аман қалған, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
"Апат орнына санитарлық авиация борттары ұшып шықты. 14 жедел жәрдем бригадасы аттанды. Травматолог, нейрохирург және басқа да дәрігер мамандар бара жатыр. Оқиға орнында қажетті медициналық көмек көрсетеміз және қажет болған жағдайда алып келеміз", - деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Еске салайық, "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Ұшақ бортында 72 адам болған.
Ақтау маңында құлаған ұшақ бортында 72 адам болған