Ақтаудағы ұшақ апатынан 6 адам тірі қалды

© Photo : Официальный телеграм-канал Air AstanaСамолет Air Astana
Самолет Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2024
Жазылу
Ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ апатынан 6 адам аман қалған, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
"Апат орнына санитарлық авиация борттары ұшып шықты. 14 жедел жәрдем бригадасы аттанды. Травматолог, нейрохирург және басқа да дәрігер мамандар бара жатыр. Оқиға орнында қажетті медициналық көмек көрсетеміз және қажет болған жағдайда алып келеміз", - деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Еске салайық, "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Ұшақ бортында 72 адам болған.
Крушение самолета в Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2024
Ақтау маңында құлаған ұшақ бортында 72 адам болған
Жаңалықтар
0