Ақтау маңында құлаған ұшақ бортында 72 адам болған

© Photo : БалтабаевКрушение самолета в Актау
Крушение самолета в Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта 72 адам болған, деп хабарлайды Sputnik Әзербайжан.
"Баку-Грозный рейсін орындаған Embraer 190 ұшағы Ақтау қаласына жақын жерде 3 шақырым жерде апатты жағдайда қонды", - делінген хабарламада.
Sputnik Әзербайжан хабарлауынша, Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан AZAL ұшағы Каспий теңізінің үстінде "SOS" сигналын берген. Одан кейін Қазақстанға бағыт алып, Ақтау әуежайында апатқа ұшыраған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ бортында 67 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған, деп жазады БАҚ.
Еске салсақ, Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ақтаудағы ұшақ құлаған жерге Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамынан 52 адам мен 11 бірлік техника жетті.
Алдын ала мәлімет бойынша, тірі қалғандар бар.
Президент Парагвая Хосе Феликс Эстигаррибия, погибший в авиакатастрофе 7 сентября 1940 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2024
Фото
Ұшақ апатынан қайтыс болған мемлекет басшылары – фото
Жаңалықтар
0