Ұшақ апатынан қайтыс болған мемлекет басшылары – фото
Ұшақ апатынан қайтыс болған мемлекет басшылары – фото
Sputnik Қазақстан
Иран президенті Эбрахим Раисидің қайтыс болғаны туралы хабар әлем жұртшылығын есеңгіретті. Мемлекет басшысы мінген тікұшақ 19 мамырда елдің... 21.05.2024, Sputnik Қазақстан
Иран басшысы ұшақ апаты салдарынан өмірі үзілген мемлекеттердегі жоғары лауазымды тұлғаларының қайғылы тізімін толықтырды.Тағы қандай басқа президенттер осындай қайғылы жағдайда қайтыс болғаны туралы суреттер топтамасынан көріңіз.
Иран президенті Эбрахим Раисидің қайтыс болғаны туралы хабар әлем жұртшылығын есеңгіретті. Мемлекет басшысы мінген тікұшақ 19 мамырда елдің солтүстік-батысындағы Шығыс Әзербайжан провинциясында құлады
Иран басшысы ұшақ апаты салдарынан өмірі үзілген мемлекеттердегі жоғары лауазымды тұлғаларының қайғылы тізімін толықтырды.
Тағы қандай басқа президенттер осындай қайғылы жағдайда қайтыс болғаны туралы суреттер топтамасынан көріңіз.
Филиппин президенті Рамон Магсайсай (суретте сол жақта). 1957 жылдың 17 наурызында ұшақ апатынан қайтыс болды. Ол мінген ұшақ Себу аралындағы Манунггал тауының баурайында құлаған.
Мозамбиктің тәуелсіздік алғаннан кейінгі бірінші президенті Самора Машел болды. Ол 1986 жылдың 19 қазанында қайтыс болды. Ол мінген ұшақ Оңтүстік Африка Республикасында апатқа ұшырады.
Бұл ұшақ апатында екі бірдей Африка мемлекетінің президенттері қаза тапты. Руанда Республикасының басшысы Жювеналь Хабьяримана мен Бурунди Республикасының президенті Сиприен Нтарьямира 1994 жылдың 6 сәуірінде жылжымалы зениттік зымыран кешенінен ұшаққа оқ атуы салдарынан қаза тапты.
Македония президенттігіне кандидат Борис Трайковский 2004 жылдың 26 ақпанында Босния және Герцеговинаның Мостар қаласында өтетін экономикалық конференцияға бара жатқанда ұшақ апатынан қайтыс болды. Ұшақ қалың тұман мен қатты жаңбыр салдарынан елдің оңтүстік-шығысындағы таудың баурайында құлаған.
2010 жылдың 10 сәуірінде Польша президенті Лех Качиньский мінген Ту-154 ұшағы Смоленск аэродромына қонуға бағыт алған кезде апатқа ұшырады. Ұшақтағы 96 адамның барлығы, соның ішінде президент пен оның әйелі қаза тапты. Суретте: апат болған жер.
Өткен жексенбіде, 2024 жылдың 19 мамырында Иран президенті Эбрахим Раиси, сыртқы істер министрі Хосейн Әмір Абдоллахиан және басқа да ресми тұлғалар мінген тікұшақ елдің солтүстік-батысындағы Шығыс Әзербайжан провинциясының Верзеган ауданында құлады.
20 мамыр күні таңертең Иран вице-президенті Мохсен Мансури президент пен оның делегациясының қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады. Суретте: Иран президенті Сейед Эбрахим Раисидің тікұшағы құлаған жер.