Ұшақ апатынан зардап шеккендер арасында балалар да бар

Sputnik
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Ақтау түбінде болған ұшақ апатынан зардап шеккендер саны 14 адамға жетті, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
"Сағат 10:58-де шақыру келіп түсті, әуе кемесінің бортында баллон жарылған. 22 жедел жәрдем бригадасы мен 6 апаттар медицинасы орталығының бригадасы жіберілді", - делінген хабарламада.
Облыстық көпбейінді ауруханада 30 хирургиялық және травматологиялық, 10 реанимациялық төсек дайындалған. Ал облыстық балалар ауруханасы 20 төсек және 10 реанимациялық төсек дайындады.
"Қазір ауруханаға 14 науқас жеткізілді. Жеткізілген 14 адамның бесеуі реанимацияға жатқызылады. Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы балалар жеткізілді", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.
Еске салсақ, Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ақтаудағы ұшақ құлаған жерге Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамынан 52 адам мен 11 бірлік техника жетті.
Алдын ала мәлімет бойынша, алты адам тірі қалды. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ бортында 67 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Sputnik Әзербайжан хабарлауынша, Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан AZAL ұшағы Каспий теңізінің үстінде "SOS" сигналын берген. Одан кейін Қазақстанға бағыт алып, Ақтау әуежайында апатқа ұшыраған.
Ақтаудағы ұшақ апаты: тірі қалғандар бар