АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда есірткі жасырғаны үшін сотталған мыңнан астам адам мерзімінен бұрын бостандыққа өтініш бере алады. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін сенат “закладчиктердің” жазасын жеңілдететін заңды мақұлдап, президенттің қарауына жіберді. Осы заң аясында есірткі жасырғаны үшін сотталған мыңнан астам адам мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алады.
"Заңда есірткі жасырып қоюшылардың қылмыстық жауапкершілігі жеңілдетілді. Жаңа нормаларға сәйкес, 1000-нан астам сотталған мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға құқығы бар",-деді Әділов сенатта өткен брифингте.
Оның айтуынша, сотталған әрбір адам өзі немесе адвокаттың көмегімен мерзімінен бұрын босатуға өтініш бере алады.
“Сот әрбіреуінің ісін жеке-жеке қарап, мерзімінен бұрын босатуға қатысты шешім қабылдайды”,-деп атап көрсетті Әділов.
Қазіргі кезде республика бойынша есірткі қылмыстары бойынша 4 мыңға жуық адам сотталды. Олардың ішінде 1 220 адам есірткі жасырғаны үшін түрмеге тоғытылды.