"Закладчиктердің" жазасы жеңілдетіледі – заң президентке жіберілді

© Sputnik / Болат ШайхиновЗаседание сената парламента РК
Заседание сената парламента РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Сенат депутаттары есірткі, психотроптық заттар мен күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістерді мақұлдады. Заң президентке жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде есірткіні жасырын жерге тығып жүргендердің арасында жастар аз емес. Сондықтан заңда “закладчиктерге” қатысты жазаны жеңілдетуге шешім қабылданды. Атап айтқанда, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу әрекеті үшін жаза 10 жылдан 8 жылға дейін, ірі көлемде 12 жылдан 10-ға дейін, ал аса ауыр қылмыс үшін 15 жылдан 12 жылға дейін төмендетіледі. Бірақ мүлiктi тәркiлеу қосымша жазасы ретінде қалады.
Ал есірткі бизнесін ұйымдастырушылар мен есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді өндірушілер үшін жаңа 297-1-бапп енгізіледі. Олардың жазасы ауыр болады. Бас бостандығынан айыру мерзімі өмір бойына дейін ұлғайту арқылы күшейтіледі.
Жаңа бапта қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасаған лауазымды тұлғалар үшін де жаза қарастырылған. Оған сәйкес, кінәлі адамның мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады.
Бұдан басқа, құрамында есірткі бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді қылмыстық топпен және аса ірі мөлшерде заңсыз егіп-өсіргені үшін қылмыстық жауапкершілік болады. “Заңда Қылмыстық кодекстің 301-бабын толықтыру арқылы, елдің ішінде күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы мен өндірісі үшін жауапкершілік белгілеу көзделеді. Қолданыстағы Қылмыстық кодекс нормаларына сәйкес, қазіргі уақытта олардың контрабандасы үшін ғана жауапкершілік қарастырылған",-дейді сенатор Наурызбай Байқадамов.
Бүгін парламенттің жоғары палатасы заңды бірден екі оқылымда мақұлдап, президенттің қарауына жіберді.
Жаңалықтар
0